«Бизнестің жол картасы – 2020»
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы (одан әрі - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің « Жаңа онжылдық – Жаңа экономи калық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері » атты Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстанның 2020 жылға дейінгі стартегиялық даму жоспарын іске асыру үшін әзірленген. Бағдарлама 2014 жылға дейінгі Мемлекеттік үдемелі индустриалық-инновациялық дамыту бағдарламасын іске асыру механизмдерінің бірі болып табылады.
Бағдарламаның мақсаты экономиканың шикізаттық емес секторларындағы өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сонымен қатар бар жұмыс орындарын сақтау және тұрақты жұмыс істейтін жаңа жұмыс орындарын құру болып табылады.
Бағдарлама екі кезеңмен жүзеге асырылатын болады:
- 1-ші кезең-2010-2014 жылдар аралығында. Яғни, 2010 жыл Бағдарлама міндеттемелерінің шешілуі: жаңа бизнес- бастамаларды қолдау, кәсіпкерлік секторды сауықтыру, шетелге тауар шығарушыларды қолдау сияқты үш бағыт бойынша іске асырылатын пилотты жыл болып табылады. 2011–2014 жж. міндеттемелердің шешілуі жаңа бағдарламаларды қолдау, шетелге тауар шығарушыларды қолдау сияқты екі бағыт бойынша іске асырылатын болады.
- 2- ші кезең – 2015 - 2020 жылдар аралығында жаңа бағдарламаларды қолдау, шетелге тауар шығарушыларды қолдау сияқты екі бағыт бойынша іске асырылатын болады.
«Бизнес жол картасы – 2020» бағдарламасының әлеуетті қатысушылары үшін экономиканың басым секторлары:
- Агроөнеркәсіп кешені ;
- кен өндіру өнеркәсібі саласындағы техникалық қызметтер * ;
- жеңіл өнеркәсіп және жиһаз шығару ;
- құрылыс материалдары мен металл емес өзге минералды өнімдер өндіру ;
- металлургия, металл өңдеу , машина жасау;
- өзге өнеркәсіп секторлары (оның ішінде өзге дайын өнімдер шығару; электр мен жабдықтау, газ, бу беру және ауа сорғызу; су жинау, өңдеу және тарату; канализация жүйесі; қалдықтарды жинау, өңдеу және тазарту, қалдықтарды іске жарату; қалдықтарды жою саласында қайта культивациялау )
- көлік және қойма қызметі;
- туризм;
- ақпарат және байланыс;
- кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет;
- білім;
- денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер;
- өнер, көңіл көтеру және демалыс;
- қызметтің өзге түрлерін (компьютерлерді, жеке пайдалану заттары мен тұрмыстық тауарларды жөндеу жұмысын) ұсыну.
Бағдарламаның іске асырылуы:
1. жаңа бизнес-бастамаларын қолдау;
2. кәсіпкерлік секторды сауықтыру;
3. өнімді шетке шығаруға бағдарланған өндірістерді қолдау сияқты үш бағыт бойынша жүзеге асырылады.
Бағдарламаның іске асырылуының бірінші бағыт аясындағы мемлекеттік қолдау мынадай әрекеттерден:
1) жобаларды іске асыру үшін Банк кредиттері бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау;
2) жобаларды іске асыруға бағытталған банк кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру;
3) өндірістік (индустриалдық) инфрақұрылымды дамыту;
4) бизнесті жүргізуде сервистік қолдау көрсету;
5) кадр дайындау, жастар тәжірибесі және әлеуметтік жұмыс орындарын құру (компонент 2011 жылдан бастап енгізіледі) сияқты қызметтен тұрады.
Екінші бағыт аясында –кәсіпкерлік секторын жақсарту – мынадай қолдау көрсетіледі:
1) Борышкердің Банктерден бұрын алған кредиті (мақұлдау кезінде) бойынша пайыздық мөлшерлемесін және жоба мақұлданғаннан кейін туындайтын бір кредит желісі аясындағы жаңа берешегін субсидиялау;
2) Борышкерге төлемақы өсімін есептеместен бюджетке (мекеме ұстап қалатын жеке табыс салығынан бөлек) салық берешегін өтеу бойынша мерзімін кейінге қалдыру мәселесін заңи деңгейде қарастыру;
3) кәсіпорындарды қаржы-экономикалық жағынан сауықтыру жоспары аясында жақсарту, оның ішінде Қазақстан қор биржасында орналастырылған облигациялар бойынша ішкі кредиторлар алдындағы берешектері бойынша да өзге іс-шаралар.
Бағдарламаны іске асырудың үшінші бағыты өнімдерін сыртқы нарыққа шығаратын кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған.
Мемлекеттік қолдау Банктерден бұрын алған кредиті (мақұлдау кезінде) бойынша пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау арқылы көрсетілетін болады.
Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау дегеніміз жаңа жобаларды іске асырушы немесе жаңа жобаларды іске асыруды, сонымен қатар экономиканың басым секторларындағы өндірістерді жаңартуға және ұлғайтуға бағытталған жобаларды қолдауды жоспарлап жүрген кәсіпкерлерге жеңілдік көмек көрсетілуін қарастыратын шаралар кешені. Егер кәсіпкер осы анықтамаларға сай келетін болса, онда ол мынадай:
- кредит бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау*;
- кредит бойынша ішінара кепілдік беру *;
- өндірістік (индустриалдық) инфрақұрылымды дамыту;
- бизнес жүргізуге сервистік қолдау көрсетілу ;
- кадр дайындауға, жастар іс-тәжірибесі мен әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру (2011 жылдан бастап ) сияқты көмек түрлеріне қол жеткізе алады.
* Кредит бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау Бағдарламаның барлық үш бағыты бойынша жүзеге асырылады.
* Кредит бойынша ішінара кепілдік беру тек бірінші бағыт бойынша – жаңа бизнес-бастамаларды қолдау , яғни жаңа кредит алған кезде ғана жүзеге асырылады .
«Жол картасы» аясындағы субсидия дегеніміз бұл бюджеттен өтеусіз негізде берілетін несие бойынша сыйақының бөлігі. Субсидиялау Банктердің жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру үшін берілген жаңа кредиттері бойынша, сонымен қатар экономиканың басым секторларындағы өндірістерді жаңартуға және ұлғайтуға бағытталған қолданыстағы жобалар бойынша жүзеге асырылатын болады.
Жаңа кредиттерге Банктерден жаңа инвестициялық жобаларды, сонымен қатар экономик аның басым секторларындағы өндірістерді жаңартуға және ұлғайтуға бағытталған жобаларды іске асыру үшін 2010 жылғы 1-қаңтардан бастап берілген кредиттер де жатады.
Жаңа жобалар бойынша субсидиялау мерзімі 1 ( бір ) жылдан 3 ( үш ) жылға дейін, кейіннен 10 ( он ) жылға дейін ұзартылуы мүмкін.
Бір Кәсіпкер үшін субсидияланатын кредит сомасы 3 млрд теңгеден аспауы тиіс. Сонымен кредит сомасы, Кәсіпкермен үлестес тұлғалар/компаниялардың кредиті бойынша берешегін есепке алмағанда, әр Кәсіпкерге жеке есептелінеді.
2010 жылы 12%-дан аспайтын номиналды мөлшерлемесі бар кредиттерге субсидия бөлінеді, оның 7% -дан аспайтындай мөлшерін Кәсіпкер төлейді, ал 5%-н мемлекет жабады. Кредит бойынша сыйақының номиналды мөлшерлемесі 12%-дан төмен болған жағдайда, онда 5% орнын мемлекет толтырады, ал айырмашылығын Кәсіпкер төлейді.
Егер Кәсіпкер сыйақының номиналды мөлшерлемесін жылдығы 12%-ға дейін төмендету жөнінде Банкпен келіскен жағдайда ғана 2010 жылдың 1-қаңтарынан бастап, 12%-дан жоғары мөлшерлеме бойынша берілген қолданыстағы кредиттер үшін субсидия алуға мүмкіндік болады.
Банк субсидиялау кезінде кредитке байланысты ешқандай комиссия , алым және/немесе өзге төлемдер өндіріп алмайды. Тек :
- кредиттеу шарттарының Кәсіпкердің бастамашылығымен өзгеруіне байланысты;
- кәсіпкердің кредит міндеттемелерін бұзу себебіне байланысты өндіріліп алынатын комиссия, алымдар және/немесе өзге төлемдерден басқа.
Бағдарлама шеңберінде өз жобаларын іске асыруға мүдделі кәсіпкерлерге 1-ші және 3-ші бағыт бойынша: жаңа бизнес-бастамалардың қолдау (несие бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау, ішінара кепілдік беру); өнімді сыртқа шығаруға бағытталған өңдірісті қолдау (несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау) жобаның тиімділігіне қаржы-экономикалық бағалаудың оңды қорытындысын алу үшін екінші деңгейдегі банктерге бару қажет. Жобаны несиелеу туралы банктің оңды шешімін алған жағдайда, өтініш беруші жобаны өңірлік үйлестіру кеңесінде қарау үшін ШҚО кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына хабарласады. Бизнес жүргізуді сервистік қолдау бойынша ШҚО кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына хабарласу қажет. ШҚО бойынша кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы мекенжайы: ШҚО, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі, 40, каб, 318, 307, тел. 26-13-13, 24-18-83.
Бағдарламаның іске асырылуына қатысатын екінші деңгейдегі банктер тізімі:
- «Қазақстан жинақ халық банкі» АҚ
- «Казкоммерцбанк» АҚ
- «АТФ Банк» АҚ
- «Нұрбанк» АҚ
- «Евразия банкі» АҚ
- «БанкЦентрКредит» АҚ
- «Цеснабанк» АҚ
- «Альянс Банк» АҚ
- «Казинвестбанк» АҚ
- «БТА Банк» АҚ
- «Темірбанк» АҚ
- «Ресей жинақ банкі» АҚ ЕБ
- «Альфа Банк» АҚ ЕБ
- «Заман Банк» АҚ
- «Delta Bank» АҚ
«Іскерлік қатынастар» жобасы туралы ақпарат
|